Bugin
Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінде ыстық су құбыры жарылып, үш әйел көз жұмды, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
2 қаңтарда таңғы бес шамасында Көкшетау полиция басқармасына үй құбырының жарылғандығы туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнына келген полиция құбыр жарылып, үйді ыстық су басқанын көрген. Алайда пәтер ішінен құлыптаулы болған. ТЖД қызметкерлері пәтерді ашып, құтқару жұмыстарын жүргізді.
«2 қаңтарда сағат 04:44-те Көкшетау қаласы полициясына үйлердің бірінде жылыту жүйесіндегі ақау салдарынан ыстық су атқылағаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша жедел-тергеу тобы пәтерге келді. Анықталғандай, пәтерде жылу құбыры жарылып, соның салдарынан бөлмені ыстық су басып кеткені анықталды.
Пәтер ішінен құлыптаулы болған. ТЖД қызметкерлері есікті бұзып кірді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің: үй иесі мен оның екі құрбысының денесін тапты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдер өлімінің себебі – күйіктен болған шок», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдер күйіп қалған.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.