Әлем
ҚХР шығысындағы Тайань қаласының соты жұма күні Ляонин провинциясының халықтық саяси-консультативтік кеңесінің бұрынғы вице-төрағасы Ли Вэньсиді 540 млн юань (шамамен 78 млн доллар) пара алғаны үшін өлім жазасына кесті. Бұл туралы «Жэньминь жибао» газеті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметі бойынша, үкім екі жылға кешеуілдеп орындалады.
Мемлекет айыпталушының барлық мүлкін тәркілейді.
Сонымен қатар, екі жылдан кейін жазаны жеңілдету мүмкіндігінсіз өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстыру жоспарланған.
Жергілікті сот органдарының пікірінше, Ли Вэньсидің заңғы қайшы әрекеттері «мемлекет пен адамдардың мүддесіне айтарлықтай залал келтірген».
Дегенмен, айыпталушы тергеуге көмектесіп, бұл әрекеті ісін жеңілдетуге көмектесті.
ҚХР билігі 2012 жылы билікке Си Цзиньпин бастаған «бесінші ұрпақ» жетекшілері келгеннен кейін жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті.
Кейінгі жылдары жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан нәтижесінде көптеген шенеунік, оның ішінде жоғары шенділер де қызметінен айырылып, түрмеге қамалды.
Олардың қатарында өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар да бар.