Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстаның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК-ның болжамына қарағанда, Астанада 9 қаңтарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
9 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте күндіз кей уақытта қалың қар жауады. Кей уақытта көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Түркістанда 9 қаңтарда кей уақытта көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
9 қаңтарда Ақмола облысынының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетауда 9 қаңтарда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түнде 9 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстігінде 15-20 градус аяз болады.
9 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын (қар аралас жаңбыр) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.
Өскеменде 9 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады.
9 қаңтарда Абай облысынның шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.
Семейде түнде 9 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады.
9 қаңтарда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысында 9 қаңтарда ауа температурасы -9-14 болады, облыстың солтүстігінде 18 градус аязға дейін төмендейді, 11 қаңтарда ауа температурасы 8-13, облыстың солтүстігінде 16 градус аяздан 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.
9 қаңтарда Түркістан облысында ауа температурасы -5-10 гардус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін төмендейді.
9 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
Павлодарда 9 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
9 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Қарағандыда 9 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
9 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарда нөсер жауын жауады (қар аралас жаңбыр), 10 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғадыі. 09-10 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20, түнде 9 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Таразда 10 қаңтарда қалың қар жауады. 09-10 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.
9 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазғанда 9 қаңтарда тұман түседі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61