Bugin
Ақтау маңында жанар-жағармай құйылған цистерна жарылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұнайлы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаевтың айтуынша, 7 қаңтар күні сағат 21:00 шамасында болған. Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында орналасқан BBJ GROUP ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылып, өртеніп кеткен.
Нәтижесінде екі адам зардап шекті. Түрлі жарақат алған оларды шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді.
«Өрт толығымен сөндірілді. Себептер анықталып жатыр», - деді Жайнат Әуесбаев.