Саясат

«Болат Назарбаевтың рейдері» атанған қылмыстық топтың мүшелері жайлы ақпарат беретіндерге сыйақы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Болат Назарбаевтың рейдері» атанған Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) алты мүшесіне  іздеу жарияланды, олар туралы ақпарат бергені үшін сыйақы ұсынылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) баспасөз қызметі.

«Елдос Қоспаевтың жетекшілігімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі іздеуде. Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр. Еске сала кетейік, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы алматылық кәсіпкерлерді үрейлендірген болатын. Зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққы қолдану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпкерлердің мүлкін тартып алып, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі бизнеспен айналысқан», - делінген дүйсенбі күні тараған хабарламада.

ҚҚА мәліметінше, рейдерлік шабуылдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда.

«Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы мәліметтері бар тұлғалар ҚҚА сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған», - деп толықтырды министрлік.