Bugin
Павлодар облысында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«2023 жылғы 8 қаңтарда сағат 17.08-де Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ленин-Ақсу тас жолында «Нұрлы жол» көпірінен 500 метр жерде тұрмыстық техника тиелген 1988 жылғы «Renault» жүк көлігі толығымен жанып кетті», - деп хабарлады жексенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік Алматыдан Павлодарға бет алған.
Өрт аумағы 18 шаршы метрді құрады.
Себептері мен зияны анықталуда.