Әлем

Әлемдегі ең мықты армиялар рейтингісі жарияланды: Қазақстан нешінші орында?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Global Firepower агенттігі 2018 жылғы әлемдегі ең мықты, ең қуатты әскери базасы бар елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Украина Қарулы Күштері (УҚК) жеті қатарға көтеріліп, Польша, Израиль және Австралияны басып озып, әлемдегі ең мықты 15 армияның қатарына енді.

Қазір Украина рейтингте 15-ші орында, ал бір жыл бұрын 22-орында болған. Рейтинг авторларының айтуынша, Украина Қарулы Күштерінің щамасын қайта қарауға олардың Ресейге тойтарыс беруі, сондай-ақ Батыс бөлген әскери және қаржылық көмек себеп болды.

Ресей рейтингтегі екінші орынды сақтап қалды.

Ultimate Global Firepower Ranking елдің PowerIndex («PwrIndx») анықтау үшін 60-тан астам жеке факторларды пайдаланады, яғни санаттары әскери бөлімдер мен қаржылық жағдайдан бастап логистикалық мүмкіндіктері мен географияға дейін.

GFP 2023 шолуында барлығы 145 әлемдік держава қарастырылған.

Америка Құрама Штаттары бірінші орынды сақтап қалды. Ресей дәстүрлі түрде екінші орында. Үздік үштікті Қытай аяқтады.

Үздік ондыққа (кему ретімен): Үндістан (4-орын), Ұлыбритания (5-орын), Оңтүстік Корея (6-шы), Пәкістан (7-орын), Жапония (8-орын), Франция (9-орын) және Италия (10-орын) кірді.

Ал Қазақстан әлемдегі ең күшті армиялар рейтингінде 63 - орынға жайғасты.