Әлем

Интернетте Гордонның Ресейдің Қазақстанға басып кіруі жайлы ойы қызу талқыланып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина журналисі Дмитрий Гордон «Ресей Украинаны басып алған жағдайда Қазақстанға басып кірер еді» деп есептейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тікелей эфирде отырған журналиске көрерменнің бірі «Қазақстан мен Ресей соғысуы мүмкін бе?» деп сұрақ қойған. Бұл сауалға жауап берген Гордон «Ресей Қазақстанды оп-оңай жеңер еді» деген пікірді айтады.

«Ресей Қазақстанға кірер еді де, бағындырар еді. Бірақ қазір оның күші жоқ. Онда екі майданда соғыс ашарлық хәл жоқ. Біз олардың шамасын бітірдік», - дейді Гордон.

Журналистің пайымдауынша, Путин Кеңес одағын қалпына келтіруді аңсайды.

«Путин, кемінде, Украина, Ресей, Беларусь пен Қазақстанды біріктіргісі келеді. Шамасы келсе, Өзбекстан, Тәжікстанды қосып алуға асық. Әлбетте, Балтық елдері өз жөнімен кетті. Бірақ Грузия, Армения, Әзербайжан да оның ойында бар. Осы елдің бәрі ол үшін Кеңес одағы», - дейді ол.

Дмитрий Гордон сонымен бірге бүкіл посткеңестік елдер Украинаға алғыс айтуы керегін атап өтті.

«Бұрынғы кеңес құрамындағы елдердің бәрі Украинаға алғыс айтуы керек. Егер біз болмасақ, олар сіздерге барар еді», - дейді журналист.