Bugin

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергеліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелестің видеосы пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, төбелеске себепші болғандар - Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.

скриншот

скриншот

«Бұл дерек ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. .

Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр», - деді полицейлер.

скриншот

скриншот