Bugin

Қазгидромет: Еліміздің кей өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етіп, аяз болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуінен қар жауады. Сонымен қатар облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысында - 25 градус аяз болады, Атырау облысында - 30 градус, Ақтөбе облысында - 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында - 40 градус-қа дейін жетеді.