Маңғыстауда ірі жол апатынан үш адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебақылау камерасына түскен видеода ZAZ Chance автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, King long автобусына соқтығысқанын көруге болады.

Жол апаты 9 қаңтарда Ақтау-Ақшұқыр тас жолының 14-шақырымында болды.

«Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Бұл факт ҚР қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізіміне тіркелген (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы)», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61