Bugin

Жаркентте жаңа туған нәрестені пышақтап өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаркентте алты жасар бала үш айлық қарындасын пышақтап өлтірген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа туған нәрестені пышақтап өлтіргені үшін Жаркент қаласында қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша қажетті сараптамаларды тағайындауға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қылмыстық істі ерекше бақылауға алғанын атап өтті. Іс туралы басқа ақпарат жарияланбайды.