Саясат

Астананың атауы толықтай Конституция талаптарына сай өзгертілді

Әділет министрлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Астананың атауын өзгерту процедурасы толықтай Конституция талаптарына сай жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

Министрлік таратқан мәліметке қарағанда Қазақстанның елордасы Астана. Бұл ҚР Конституциясының 2-ші бабында анық көрсетілген. Конституцияға түзетулерді Парламент Ата заңның 53-ші бабы негізінде енгізе алады. Бұл процес ел Президентінің Парламент палаталарының бірлескен отырысында жүзеге асырылады. Алайда Конституцияда халық сайлаған Президенттің мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, осы өкілеттікті қабылдаған тұлғаның Конституцияға өзгеріс енгізуге құқы жоқ екендігі (48 бап) айтылған. Дегенмен, Конституцияға түзетулерді республикалық референдумда енгізуге болады (91 бап). 

Референдум өткізу туралы ұсынысты Парламент немесе Үкімет енгізеді. Референдумды өткізу немесе өткізбеу туралы шешімді Президент қабылдайды. Бірақ, Президент Парламенттің қарауына енгізетін болса, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл жағдайда Парламент шешімі Конституцияның алдында айтылған 53-ші бабтың талаптарына сәйкес қабылданады. Астананың атауын өзгертуге қатысты Конституцияға енгізілетін түзетулер осы аталған процедураға сай жүзеге асырылды. Яғни, ол ҚР Конституциясының талаптарына толықтай сай.

ҚазАқпарат