ДАМУ

Ұйықтар алдында не себепті ет жеп, шай ішуге болмайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұйқының сапасына теріс әсер ететін түрлі тағам бар. Біз күнделікті өмірде тұтынып жүрген көп азық-түлікті ұйықтар алдында ішіп-жесек, денсаулығымызға едәуір зиян келеді. Осы орайда кешке қарай ас мәзірінен нені алып тастау керегіне тоқталамыз.

Кофеинге бай кофе, шоколад, шай және энергетикалық сусындардың кесірінен ұйқы дұрыс болмайды. Сондықтан демалар алдында мұндай тағамдарды тұтынудың қажеті жоқ. Сонымен қатар кофеиннің тәулік мөлшерін 200-300 миллиграмға дейін қысқартқан жөн.

Майлы тағамдар ағзаға сіңу үшін көп уақыт керек. Ал осы процесс кезінде дене демалудың орнына, керісінше, жұмыс істейді. Сондықтан балмұздақ, чипсы секілді майлы тағамдарды түнде жеуге кеңес бермейміз. 

Құрамында қант бар тағамдар: кондитерлік өнімдер, кәмпиттер, джем, қоспалы сүт өнімдері, өте тәтті жемістер. Бұларды сағат 17:00-ден кейін қолдану адреналин және норадреналин сияқты гормондардың жұмысын белсендіреді. Ал мұның салдарынан адамда агрессия мен тітіркену әрекеті жүзеге асады.

Қызыл ет. Ұйықтар алдында қатты тәбет пайда болса да, мүлде ет жеуге болмайды. Оның құрамында көптеген май мен ақуыз бар, яғни ағзаға оны сіңіруге уақыт жетпейді. Сонымен қатар бұл процесс түнгі демалысқа теріс әсер етеді.

Ұйықтар алдында ащы тағамдар мәзірде болмауы керек, өйткені бұл тікелей ұйқысыздыққа әкеледі. Мұндай тамақтар асқазанды күйдіріп, тіпті, кептіріп жіберуі де мүмкін. Мұның кесірінен, әрине, жақсы ұйықтай алмайсыз.

Кешке дәнді-дақылдардан жасалған тәтті ботқаларды жемеу қажет. Себебі барлық калорияны ыдыратуға ағзаның уақыты болмайды. Дегенмен ботқалар - денеге күш-қуат беретін таңғы астың тамаша түрі. 

Алкоголь аз-маз ұйқыны келтіруі мүмкін. Алайда мұндай сусындардың көп дозасын үнемі тұтынса, ұйқы бұзылады

Қарбыз, грейпфрут, мүкжидекті кешкі уақытта жемеген жөн. Өйткені түн ортасында дәретханаға жиі барып, ұйқыдан бірнеше рет оянуға тура келеді.