Әлем

Ресей шабуылдаған қала түгел қираған, әскер қырылып жатыр: Зеленский үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский кезекті видеоүндеу жасап, толық қираған Соледарда тірі жан қалмағынын айтты. Бұл туралы «Новая газета. Европа» басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекет басшысы Ресей әскерлерінің Донецк облысындағы Соледар қаласы түбінде жасаған әрекеттерін «барып тұрған ессіздік» деп атады.

«Ресей нені ұтқысы келді? Бәрі толық қираған, онда тіпті тіршіліктің өзі де қалмаған. Мұнда мыңдаған адам опат болған. Соледардың түбіндегі жердің бәрінде оккупанттардың мәйіттері жатыр. Бұл ессіздіктің кескіні», – деді Зеленский.

Украина басшысы өз сөзінде Ресей әскерлерінің «қайталанып жатқан толассыз шабуылдарына» төтеп беріп тұрған сарбаздарға алғыс айтты.

«Бұл өте ауыр: онда сау ғимарат қалмаған, бәрі қираған. Біз өз жауынгерлеріміздің Соледардағы табандылығы арқасында Украина үшін керекті қосымша күш пен қосымша уақыт таптық», – деді ол.

Американың соғысты зерттеу институты (ISW) өзінің күнделікті мәліметінде атап көрсеткендей, «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы Евгений Пригожин өз ұйымының репутациясын күшейте түсу үшін Соледар мен Бахмуттағы жағдайларға қатысты жалған ақпарат таратуды қоятын емес. Бірақ оның сапындағы сотталғандарға кешірім берілгені жайлы деректер компанияға кіргісі келетіндер қатарын көбейтіп жатқан көрінеді.

Қазір Соледарда да, Бахмутта да қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Ресей армиясы екі қаланың да шетіне кірді. Бірақ олардың оққа ұшып жатқандарында есеп жоқ. Оккупанттардың қимылы әйгілі Георгий Жуковтың ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі сарбаздарды қатты қырғынға ұшырата отырып, кезекті позицияны басып алуға негізделген тактикасын ұстанып отырғаны айқын аңғарылады.