Спорт
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтың ойынша, карьерасына балта шапқан - оның менеджерлері, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирнді тастап, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады. Осылайша, Елеусінов екі жылда бір ғана жекпе-жек өткізді, есесіне чемпионды белдік үшін айқасты. 2021 жылдың желтоқсанында Елеусінов IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды, содан кейін тиісті жекпе-жекке шықпаған ол титулынан айырылды.
«Бұл - менің менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен жұмыс істеуден бас тартты. Оған қоса, мені шаршы алаңға шығармады», - деді спортшы.
Кейінгі кездесуінде отандық боксшы Аргентина өкілі Хуана Эрнана Леаоны (15-3, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген.
Еске салайық, Данияр Елеусінов - 2010, 2014 жылдарғы Азия ойындарын жеңіп, 2013, 2015 жылы Азия чемпионы атанып, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын алып, 2016 жылы Рио-де-Жанейро да Олимп шыңын бағындырған даңқты спортшы.