ДАМУ

«Мәңгілік бала бейне»: 20 жасында сәби кейпінде өмірден өткен Брук Меганның құпия тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде мәңгі бала кейпінде өмірден өткен Брук Меган Гринберг есімді қыз жайлы білесіз бе? Мамандар бойжеткен генінде мәңгілікке жасарудың коды болу мүмкін деп те ойлаған. Брук туралы осы және өзге де мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

Брук Гринберг 1993 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Туған кезде оның салмағы 1,8 килограмм, ал бір жылдан кейін оның салмағы небәрі 3,4 килограмм болды. 14 жасында Бруктың салмағы 7,2 келі болған еді, ал бойының ұзындығы бар-жоғы 76 сантиметрге дейін жеткен.

Ол бірнеше мәрте өмір мен өлімнің арасында қалды. Тіпті, 4 жасында 14 күндік ұйқыға кеткен. Дәрігерлер оның ми ісігі бар екенін, сондай-ақ 48 сағат қана ғұмыры қалғанын айтады. Алайда Брук екі аптадан кейін есін жияды. Ал мамандар қайта тексерген кезде, ісіктің кетіп қалғаны белгілі болады.

Фото: 4tololo.ru

Фото: 4tololo.ru

Брукты АҚШ-тың ең беделді клиникаларында тексертті, алайда дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмады. Оның ауруы «Х» синдромы деп аталды. Нью-Йорктегі Синай тауындағы медициналық орталықтың геномика және биология институтын басқаратын доктор Эрик Шадт айтуынша, Брук Гринбергтің эндокриндік жүйесінде аса ауытқу болмаған. Сонымен қатар хромосомалық ауытқулар немесе дамуын артта қалдыратындай ғылымға белгілі басқа аурулар да кездеспеген. Дегенмен Брук қартаю процесіне жауап беретін геннің мутациясынан зардап шегуі мүмкін екені айтылған.

Брукқа ата-анасы өмір бойы үнемі күтім жасаған. Оның өңеші тым кішкентай болғандықтан, қызды тікелей асқазанға салынған арнайы түтік арқылы тамақтандыруға тура келді. «Біз қызымызды жақсы көретінбіз, бірақ болшағымыз бұлыңғыр еді», - деді оның әкесі Ховард Гринберг.

Фото: 4tololo.ru

Фото: 4tololo.ru

Сонымен қатар доктор Шадт Бруктың бірегей генетикалық коды қартаю процесін зерттеудің кілті болуы мүмкін деп санаған. Мәселен, бұл код Паркинсон ауруы немесе Альцгеймер ауруы сияқты жасқа байланысты ауруларды емдеуге мүмкіндік береді. Бруктың анасы Мелани Гринберг қызын әрқашан сол қалпында жақсы көретінін айтқанымен, бейтаныс адамдармен кездескенде, ешқашан оның жасы нешеде екенін айтпаған.

«Жасын айтудың орнына, мен айын атаушы едім. Егер біреу Бруктың жасы туралы сұраса, мен оны 20-да деп емес, 20 айлық деп айтқанмын», - деген анасы.

Фото: 4tololo.ru

Фото: 4tololo.ru

Әлемде Брук Гриберг «Х» синдромы бар жалғыз адам емес екен. Американың Монтана штатындағы 6 жасар Габриэль Кей және 10 жасар балаға ұқсайтын 40 жастағы Никки Фриман - осы синдроммен ауыратын жандар.

Жиырма жасында да бала кейпіндегі Брук Меган Гринберг 2013 жылдың 24 қазанында өмірден өтті...

 

Дереккөз: 4tololo.ru