Қоғам

«Қараң қалған билік қайтып оңалмайды» – Қонаевтың туғанына 111 жыл

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін, 12 қаңтарда Қазақстанның аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың (1912—1993) ​​​​​туғанына 111 жыл толып отыр. Осы орайда аңыз адамның айтып кеткен даналық сөздерін ұсынып отырмыз.

  • Қараң қалған билік қайтып оңалмайды;
  • Жастық шақ қанаттарын жайып салу үшін емес, жұмыс істеу үшін берілген;
  • Өмірдің екі тірегі бар. Үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
  • Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады;
  • Жиырмасыншы ғасыр таңғажайып ғасыр, тарих үшін қызықты, ал замандас үшін қасірет ғасыры;
  • Адам айнасы - адам;
  • Адамға жазаның ең үлкені - жұмыссыз қалдыру;
  • Ақиқаттан атап кету — арға сын;
  • Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау;
  • Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама;
  • Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім;
  • Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді;
  • Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің де пенделігі аз болмайды;
  • Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды;
  • Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті;
  • Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын;
  • Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды;
  • Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте;
  • Орынды сын ойлантпай қоймайды;
  • Жалада шындық болмайды;
  • Атқа мінген әкімнің үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тағдырлас халыққа қиянат жасама;
  • Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.