Әлем

«Төсекке жатуға рұқсат бермеген»: Түрмеде ауырған Навальныйдың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абақтыдағы Алексей Навальный айыппұл изоляторында ауырып қалды. Бірақ оған дәрі-дәрмек ішуге және күндіз төсекке жатуға рұқсат етілмеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Белсендінің адвокаты Вадим Кобзевтің мәлімдеуінше, тек дәрігерлердің Путинге жазған ашық хатынан кейін оған антибиотиктер мен қайнаған су беріле бастаған.

Навальный 3 қаңтарда ауырып, 9 қаңтарда жағдайы нашарлаған.

Саясаткерге күндіз төсекте жатуға рұқсат бермегендіктен, ауырса да аяғына тік тұруға мәжбүр болған. Сонымен қатар оны медициналық бөлімге жіберуден де бас тартқан.