Bugin
Қазақстанда тұрмысы төмен адамдар саны 5,1 млн адамға өсті. Бұл туралы еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Өткен жылы кедейлердің саны 4,9 млн адам болса, биыл 5,1 млн болды. Азаматтар қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсап жатыр. Мысалы, 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70%-ы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді», - деді министр брифингте.