Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.
«Минимум температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген, шамамен -27 градус.
Сонымен қатар «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды», - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.
Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтардағы аяз салыстырмалы түрде қатты екен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61