Әлем

АҚШ-тағы «Әлем аруы» байқауында Қазақстан мен Қырғызстанды шатастырып алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа Орлеанда (АҚШ) өткен «Әлем аруы» халықаралық сұлулық байқауы кезінде ұйымдастырушылар Қырғызстан мемлекетінің атын бірнеше рет шатастырып, Қазақстан деп атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Әлем аруы – 2023» халықаралық сұлулық байқауында Қырғызстан атынан 18 жастағы Алтынай Ботоярова қатысты.

Байқауды ұйымдастырушылар Алтынай мен Қырғызстаннан ел атауының дұрыс айтылмағаны үшін кешірім сұрады.

«Біздің команда жақында Жаңа Орлеанда өткен шарада елдің атын қате айтқаны үшін Қырғызстаннан кешірім сұрайды» делінген «Әлем аруы» байқауының ресми парақшасында.

Айта кетейік, еліміздің өкілі Диана Тәшімбетова «Әлем аруы Қазақстан - 2022» атағынан айырылғандықтан, Қазақстан биыл байқауға қатыспайды.