Bugin

Ауруханада жатқан Жүрсін Ерманның өлім туралы өлең оқыған видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскеннен бері әлі төсекте ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның желідегі парақшасына Женевадағы аурухана төсегінде жатып, қасындағы зайыбына өлең оқыған видеолары жариялана бастады.

Соңғы жүктелген видеода ақын «Жамкенжан, осы аурудан өлем білем, Алланың аманатын берем білем...» деп басталатын «Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы» жырынан үзінді оқыған. Ол сөзінен шошыған зайыбы Бақытжамал Ерманова алғашқы екі жолдан әрі оқытпай, күйеуінің маңдайынан сүйіп, аузын қолымен жаба қойды.

Оны көрген жұрт жаппай ақынға зор денсаулық тілеп, өмірден үміт үзбеуін сұрап жатыр. Әрине, олардың ішінде Жүрсін Ерманның өзі өрге сүйреген айтыс ақындары мен өзге де өнер иелері бар.

«Жүрсін аға, шауып кетесіз, бұйыртса! Бақытжамал жеңгеміздің арыстай ағамыздың маңдайынан сүйгені қандай жарасымды!» - деп жазған ақынның бірі Балғынбек Имашев.

 

Дереккөз: halyq-uni.kz