Bugin

Алматыда белгілі журналиске қастандық жасағандар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист Динара Егеубаеваның көлігін өтеп, El Media редакциясының кіреберіс есігіндегі әйнекті сындырды деген күдікке ілінген бес адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Жедел бөлімше қызметкерлері бірнеше қылмысқа күдікті ретінде 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған адамды қолға түсірген.

Күдіктілердің берген жауабына сәйкес, екі «тапсырыс» та оларға интернет арқылы белгісіз адамнан түскен. Сондай-ақ тапсырыс беруші «жұмыс» үшін оларға интернет арқылы ақысын төлеген. 

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын таңдау туралы мәселе шешіліп, тергеу жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар тапсырыс берушінің тұлғасын анықтау мен оны қолға түсіруге бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Барлық фактілер бойынша белгілі болған ақпараттар тергеу толық аяқталған соң жария етілетіні айтылды. 

Тергеу барысын ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы полиция департаменті басшылығы бақылауға алды.