Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚару-жарақты екінші рет айналымға енгізумен шұғылданған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлері және олардың көмекшілеріне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ұлттық қауіпсіздік қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркеуден шығарылған оқ-дәрімен атылатын қару және оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірге екі кезеңнен тұратын операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті.
Ұстау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды.
Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехының көзі жойылды» делінген хабарламада.
Жедел зерделеуді жалғастыру арқылы ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыс әлеміне, бұзғыш діни ағымдарға қатысты және бұрынғы полицейлерден тұратын қаруды сатып алушылардың толық базасын анықтады.
«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру мерзімдеріне сотталды. Қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандары және жеке құрамды бақылауды әлсіреткендері үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Қолданылған шаралар қару айналымын бақылау саласындағы заңдылықты сақтауға және қылмысқа бой бермеу бағытына оң әсерін тигізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61