Саясат

Премьер-министр отставкаға кету керек - Депутат пікірінің себебі белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов отставкаға кету керек деп есептейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы депутат журналист Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Мемлекет басшысы жақсы сын-пікірін айтты. Менің ойымша, бүгін таңда министрлер ауыс-түйісі болды. Бірақ түбегейлі үлкен ауыс-түйісті, біз Конституция аясында мәжілістің саулауынан кейін күтеміз. Мәжіліске сайлау енді басталайын деп жатыр. Біз үкіметімізді тарқатып алып, мәжілістің сайлауын бастап алсақ, онда қоғамның дұрыс емесі. Ол өзінің жіберген қателіктеріне толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Бір жарым айда жаңадан келген үкіметті заңнын аясында мүмкіндік беріп, заңды орындауымыз қажет. Мен солай ойлаймын», – деді депутат.

Сонымен қатар үкіметтен бөлек премьер-министр Әлихан Смайыловқа қатысты және оның отставкасын қолдап сөз қозғады.

«Жеке өзім айтатын болсам – біз Алматы қаласындағы спорт мектебінің жабылмауына қатысты мен, депутат Нурумова, депутат Авершин сауал жолдадық. Сол сауалға премьер-министрдің өзі «жабылмайды» деп жауап берді. Бірақ бүгінгі таңда олай болмай тұр. Әлі де мектепте сабақ басталған жоқ, әлі де лицензиясы қайтарылған жоқ. Осы фактордың өзі менің ол кісіге сенімімді азайтады», – деді Сүлейменова.

Журналистің «демек қалдырмау керек деп есептейсіз?» деген сұрағына депутат «иә» деп жауап қайтарды.