Bugin

«Мойын омыртқасы сынды»: Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан ер адамның үстінен диван лақтырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан адамның үстінен диван лақтырып жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Instagram әлеуметтік желісіндегі inaktau парақшасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші туыстарының айтуынша, ер адамның мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған. Оқиғадан соң Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызған.

«Оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де облыс орталығындағы 11-шағынауданының 41-үйінде болды. Тұрғын алтыншы қабаттағы пәтерден диван тастап жіберді. Ауыр жиһаз 39 жастағы ер адамның үстіне түсті. Ол ес-түссіз жедел жәрдем көлігімен қабылдау бөлмесіне жеткізілді» делінген ақпаратта.

Жәбірленушінің ағасы онда көпбалалы отбасы тұратынын айтқан. Оқиға кезінде 12-13 жастағы жасөспірім көрінген. Олардың айтуынша, ата-аналар үйде болмаған. 

Маңғыстау облысы полиция департаменті бұл дерек қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлады.