Bugin

Пойызда Шымкент қаласына жолға шыққан әйел кенеттен қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көкшетаудан Қызылордаға бет алған пойызда жолаушы әйел көз жұмды. Оқиға Жамбыл облысының Сарышаған станциясы маңында болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, «Көкшетау – Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде Астана қаласынан Шымкент қаласына дейін күйеуімен бірге жолға шыққан 54 жастағы азаматша кенеттен қайтыс болды.

«Сол күні Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық сипаттағы өлім белгілері жоқ мәйіттің табылғаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру барысында әйелдің 2019 жылдан бастап Астана қаласы ауруханаларының бірінде созылмалы аурумен есепте тұрғаны анықталды» делінген хабарламада.

Пойыз жолсеріктерінің келісімімен күйеуі әйелінің мәйітін оралған күйінде пойыздың жұмыс істемейтін тамбуры арқылы Шымкент станциясына дейін тасымалдап, жеткізген. Ер адам сот-медициналық сараптамадан үзілді-кесілді бас тартты.

Қазіргі уақытта пойызда мәйітті тасымалдау фактісі бойынша материал Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына берілді.