Bugin
Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сот 1987 жылы туған Т.-ны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сотталушы марқұмның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді.
Еске салайық, былтыр 4 сәуірде Алматыда дәрігер емделуші пациентінің қолынан қаза тапты. Оны күдікті аңшы мылтығымен атқан.
Аса ауыр қылмыс қаланың Бостандық ауданында болған. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алатау ауданы аумағында ұсталды.
Кейін ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Юрий Шумков пен пациент арасында қандай да бір жанжалдың болмағанын айтты.