Bugin

Бекшин мен Сапарбаев әріптес атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының бұрынғы санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мен Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев әріптес атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бекшин мен Сапарбаев QazBioPharm ұлттық холдингінде жұмыс істейді. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің корпоративтік даму департаменті өкілдері растады.

«Жандарбек Бекшин 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап QazBioPharm ұлттық холдингі бас директоры орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды» делінген ведомствоның редакцияның сұрауына берген жауабында.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев 2022 жылдың тамыз айында QazBioPharm ұлттық холдингінің тәуелсіз директоры болып тағайындалған.

«Холдингтің директорлар кеңесінің 2022 жылғы 27 тамыздағы шешіміне сәйкес, Бердібек Сапарбаев жасырын дауыс беру арқылы холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», - деді ДСМ корпоративтік даму департаменті өкілдері.