Bugin
Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы пайда болды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
«Қазақстанда мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды. Оны ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі» делінген хабарламада.
- jerkarta.gharysh.kz сайты бұрын пайдаланылмаған және заңсыз берілген, мемлекетке қайтарылған учаскелер туралы ақпаратпен толтырылған.
«Интерактивті карта азаматтарға қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлеріне кез келген уақытта мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді және осы учаскелерге құқық беру үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруде бағдар болады. Бұл өз кезегінде жылдар бойы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығына қажетті аумақтармен қамтамасыз етуге қызмет етеді», - деді министрлік.
Қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін электрондық сауда платформасы негізінде тендер өткізу модулін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта заңға сәйкес жер пайдалану құқығын беру конкурсы қағаз жүзінде жүргізіліп жатыр.