«Ешқашан сенбеңіздер»: Димаш Құдайберген үндеу жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтарды интернет алаяқтардан сақ болуға шақырып, үндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, теріс ниеттегі адамдар әншінің атын жамылып, әлеуметтік желіні өз мақсаттарына қолданып жүр.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Бұл бейнетаспаны жазудағы мақсатым – интернет желісінде, Facebook-те менің атымнан ашылған түрлі парақшалар халыққа және маған зиянын тигізе бастады. Жалпы, мен ешқашан ақша сұрайтын ойындар өткізген емеспін. Тыңдармандарым біле жатар, қателеспесем, алдағы шығармашылық жаңалықтарды бөлісу үшін тікелей эфирдің өзіне 3-4 рет қана шыққанмын. Соны скриншотқа түсіріп алып, өздерінің алаяқ әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында Димаш Құдайберген болып, Facebook-те жалған парақшалар ашып алып, халықпен тілдесіп отырған фотомды қойып қойған. Сол арқылы лотерея сияқты түрлі ойындар өткізіп жатқан сияқты етіп көрсеткісі келіп жатыр», – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Осы орайда әнші жерлесіміз баршаны жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Ондайға ешқашан сенбеңіздер, мен ойындар ұйымдастырған емеспін. Оның маған қажеті де жоқ, сол себептен алданып қалмаңыздар. Ескерту, айту мақсатында осы видеоны түсіріп жатырмын. Ешқашан интернет арқылы ешкімге ақша жібермеңіздер», - дейді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61