Bugin
Ресейде McDonald’s мейрамханасын алмастырған жаңа фаст-фуд желісі «Вкусно – и точка» Қазақстанда ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz «Адырна» порталына сілтеме беріп.
Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментінің айтуынша, қазіргі таңда тауар белгісін тіркеу өтініші қаралып жатыр.
«Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі қоғамдығы атынан «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеуге қатысты өтінім келді. Ол қаралып жатыр»,—деп түсіндірді ведомство.
Еске салайық, 5 қаңтарда McDonald's компаниясының Қазақстандағы қызметі тоқтатылатыны хабарланған еді.