Weekend
Әңгіме
Жайлауға көшіп келгелі, атам ауыл сыртындағы төбеде отырып, құбылаға қарап көп ойланатын болды. Әжем болса осы шалдың күіні өтіп барады деп, келіні мен ұлына күңкілдейтінін байқап жүрмін. Бірақ мені бала сынады.
Бүгін атам төбеге шықпады. Себебі мал көке тойып, қозы-лақтың бүйірі бұлтыйып, біраз марқайып қалып еді. Күнде кешкі сауында жамыраған қозы –лақтың бәйге атындай алдында келіушіем. Бүгін қой торыдай бүлкілдеп соңында келем, санамдағы аласапыран болып жатқан ойлардың жетегінде елегіп келем... таңертеңгі бүркітшілердің әдемі көрнісі әлі көз алдымнан кетеремес. Армандап қоям мен қасқыр алар бүркіт баптаймын деп, ол жәйғана бала қиялы. Жақыннан Қоспырақ деген атам үні естілгенде, қиялдың жетегі үзілгендей боп атама сұраулы жүзбен қарадым, жарықтықтың жүзінде ұрпаққа деген алаңдаушылықты байқалғандай болды.
- Қоспырақ сен ертең қозыға бармайсың ?
- Неге ата?
- Таңетерең жолға жүреміз?
- Қайда ата?
- Бүркіт ұстауға...
Таңертеңгі бүркітшілер бейнесі, тағда көз алдыма оралғандай болды.
Әй жүгірмек тор таймен жиренді құдықтан суарып арқандап қой деп бурыл тартқан сақалын еті қаша бастаған саусақтарымен салалай сипап, барқыт шапанын құшына оранып, кигіз үйдің алдындағы сырмақта отырған ауыл адамдарына қарай ойысты. Мен үйге кіребере оң жақтағы ашабақандағы жүгендерді аласала үйден қайта шыға жөнеле беріп, ем әжем әй жүгірмек кенезең кепті ғой ешкі сүтін іше кет деп, еріксіз ашқан есігімді қайта жауып кері оралдым да сүтті асыға ішіп далаға шығып кеттім. Жиреннің бағана қозы бағып жүргенде Кереге тастың қасында шідерлі тұрғанын байқағанмын, Ал тортайдың тұсамыс пен кеткені естіген соң, ол бие баудың маңайына айналып келетініне сенімдімін. Бірақ тұсамыс пен жүрген тайды ұстаудың әуресі көп болатынында білетімін. Желі басына келгенімде бие саунына келген нағашым Құмарбек сауын биелерін үркітіп жіберер деп тайды ұстап, басына ноқтасын кигізіп жетектеп құдық басына кетіп қалыпты. Мұндайда жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығар деушімеді. Істің бәрі оңынан болып жатқанына қатты қуанып, бала болсам да іштей шүкірлік айтып қоям. Құдық баснан тайды жәйлақ мініп алып, кереге тасқа қарай шаба жөнеліп ем, артымнан әжем айғалап жатыр. Әу қарақ ақырын шап желкең үзіледі, біреулері тайдың қолтығын сөгесің деген дей дауыстар құлағыма үзіліп-үзіліп жетіп жатты. Артыма бұрылып та қармастан қайдасың кереге деп тау бөктеріне қиялай шауып кеттім. Кереге тасқа таяғанда тайдың басын тартып бүлкілдетіп, одан соң аяңдатып барып тоқтадым да, тайды үлкендеу қозы жонда тасқа байлап, жиренді ұстадым. Қайтар кезде жиренге мініп торымды жетекке алып ауылға тарттым.
Адам баласын жалғыз жарым жүргенде неше түрлі ойлар санасын билеп бірде алысқа әкетсе, бірде өз ойыңның жетегіне ілесе алмай меңзең күй кешесің. Ат үстінде дала көрнісін, кешкі ауыл тынысын алыстан қарап тамсанып келем. Алтықанат ақ ордадан әне анам шықтты қолында құманы бар, ал тас қораның қасында ауыл адамдары әңгімелесіп тұр. Кіші отаудың мұржасынан ақшыл түтін шалқақтай шығып жатыр, шамасы тезек жаққан-ау. Текшеден құлаға мінген көрші Қозыбай келеді қасында ерткен сарала иті бар дала тынысын тамашалап қиялдай ауыл маңына да келіп қалдым. Әдетте сырттан келген қонақты ауыл ақсақалдарынан бұрын, ауыл иттері қарсы алып, ат үстіндегі адамды таныса еркелей аттың оң жағына бір, сол жағына бір шығып құйрығын бұлаңдататыны бар. Ал танымаса арсылдап мазаңды кетіреді. Аттарды ауыл іргесіндегі жасаңға апарып арқандап үйге келсем, атамның қолында көлге салатын балық ауының торын көріп таңқалдым!
- Ата бұны не қыласыз?
- Балам осымен бүркіт ұстауға болады.
- Қалай ұстайсыз, бұл балыққа құратын ау ғой?
- Әй балам бұда бүркіт ұстауға жарайды. Бүркіт ұстаудың көп тәсілдерінің бірі ғой. Сен жайлауға еңкейгенде ұстаған көжегің бізге көмектеседі.
- Ата мүлдем түсінбедім?
- Шырағым ертең барған соң түсінерсің...
Үйдің ішіне май шам жаңған соң, темір пештің айналасынна үймелеу күндегі әдеттіміз еді. Анам пештің аузын ашып сиырдың жапасын салып сарлагтың сүтін пісіріп жүр. Дала да кешкі малды қоралап жүрген ауыл балаларының дауысы естіледі. Бірде біреу кемелектің аяғын сындырдың десе, енді бірде тасқа шығарма деп үлкендері кішілеріне бұйра сөйлеп жүр. Күні бойы төлдің соңында жүргендіктен, аяғым шау боп қалғандықтан әжем тізесіне басымды қойып жатып ұйықтап кеттім.
Таң іргесі сөгіле атам әдеттегідей ерте тұрып. Аттарды әкеп ат ағашына шылбырларынан күрмеп байлап, еріктеп, қанжығасына кеше кешке дайындаған жабдықтарын теңдеп қойыпты. Мені атам келіп оятқанда, барып оянып көзімді ұйқалап әзер тұрдым. Сыртқа шығып қайтып оралғанда, үлекндер тегіс дастарқан басына жайғасыпты. Жамбастай сырғып атамның қасына отырдым. Атам басымнан сыйпап шайыңды тез ішіп ал, мен сені керменің қасында күтем...
Күн арқан бойы көтеріле Шуғатыға* қарай ата мен немере боп аяңдап кеттік. Ауылдан ұзай бере дала тынысына тағыда баралау жасап, изен мен ақ жусанның иісін таусылып қалардай жұтынып келем. Бірде тосыннан шыққан атам үні селк еткізді.
- Балам ана шағылды айналып ұшып жүрген қыранды көрдің бе?
- Иә ата көрдім!
- Біз осы қыранды қолға қалайда түсіруіміз керек.
- Иә ата
Бірақ бала көңілін сан түрлі сұрақ мазалағанымен, еш қайсына дәл басып жауап табалар емес. Оның жауабын сексенге келген қариядан басқа бұл маңайда ешкім де білмейді. Қарияның бетіндегі әжімдер сан соқпақтың ізіндей болып көрінді, бала құсбегіге.
Атам ұзап барып жиреннен түсіп дайындап келген құрал-жабдықтарын бірінен соң бірін рет-ретімен ораластырап жатыр. Ал мен болсам осындай баппен істеліп жатқан жұмысты тек бақылаумен тұрмын.
- Ата көрші Сәрсенбайдаң қаранын бір қой беріп алар едік ғой десем.
- Шырақ ол дала қыранындай алғыр бола, алмайды. Себебі: дала қыраны қырағы келеді. Оны ашықтырып отырып аңға саласаң түлкі түгіл қасқардың омыртқасын үзіп жібереді.
Түсінген дей бас изеймін. Атам болса қазықтарды айналдыра қағып шығып, маған өсіп қалған көжегімді, қаққан қазықтар ортасына апарыптып, көжекті шықпастай етіп торды қазыққа байлап шықтты. Торда қоян өзінің де адам баласының қол жаулаығы болғанын сездім ме? Жоқ әлде өзінің өмірі үшін арпалыстыма? Тордан шығуға қанша рет талпынғанымен, ештеңе өндіре аламады. Біз болсақ қорымның арасына барып атарды өрелеп, өзіміз әрірек барып, аспан мен жерді бақылап жатырмыз. Аспанда қыран қалықтап үшса, тордағы қояан өмірі үшін арпалыста жатты. Әлсін әлі көкекке көз тігеміз. Қашан қыран өз жемтігіне шүйлігіп келер деп.
Шаңқай түс болғанда қыран көзге шалынып, жемтігін көрдіме төменге қарай шүйлігіп кеп торға соқтықты, бірақ қайта көтерліп ұша алмай қанаттарын сабалаумен қыран жатыр. Атам болса жаратқан ием жар болдың деп, тәңірге алақан жайып бар білген құран сөзін күбірлеп бетін сыйпайды, менде атам не істесе соны қайталап қоям.
Құрған торымызға келсек қыран қоянның жонына тырнақтарын батырып кіргізіп жіберіпті, бірақ айқасып қалған тырнақ қайдан шықсын ұша алмай отыр көтеріп жемтігін.
Қыранды көрген сәтттен нағыз тастүлек қой мынау деді атам.
Түсініктеме: Шуғаты жердің аты.