Bugin
Семей әуежайының маңында қалдықтары бар мырыш табыт қоқысқа тасталған жерінен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға куәгерлері инстаграмдағы oo_osa_semey_vko парақшасына мырыш табыт салынған фотолар мен видеоларды жіберген.
Абай облыстық полиция департаменті табыттан адам сүйегі табылмағанын және ер адамның денесі жерлеу үшін 8 қаңтарда Алматыдан Семейге жеткізілгені анықталғанын атап өтті. Мәйітті тасымалдауға арналған мырыш табыт әуежай маңына лақтырылған.