Bugin

Алматыда өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, 2,5 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасалып, 2,5 миллион теңге ұрланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Қылмыс Сайын мен Ұлықбек көшелерінің қиылысына жақын жерде жасалған. Түнгі сағат он бірлер шамасында бес жас өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған. Ұрылар пышақпен қорқытып, жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алып, мобильді банкинг арқылы оны жалған есепшотқа 2,5 миллион теңге аударуға мәжбүрлеген», – делінген хабарламада.

2000, 2001 және 2003 жылы туған күдіктілер ұсталды. Полицияның мәліметінше, олар Алматы облысының тұрғындары, жұмыссыз.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.