Bugin

Қаскелеңдік "ВИП-казашкаға" айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"ВИП-казашка" атымен танымал Қаскелең қаласының тұрғынына жол ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлері 16 қаңтарда жол ережесін бұзып, оны видеоға түсірген жүргізушіні анықтаған болатын. Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2001 жылы туған азаматша Е.-ны анықтап, ұстады.

"Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты 591-баптың 2-бөлігі, 230-баптың 2-бөлігімен 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде жалпы айыппұл түріндегі хаттама толтырылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Toyota Land Cruiser Prado көлігі айыппұл тұрағына алынғанын хабарлады.