Bugin

Мектептен шығып, үйіне оралмаған оқушы іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысы Полиция департаменті облыс орталығы тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткен 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Рахымғалиев Ақсұлтан Нұрланұлын іздеуге жәрдемдесуді өтінеді деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол 2023 жылдың 17 қаңтарында сағат 07.40 шамасында үйінен мектеп бағытына шығып, қазіргі уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Сыртқы белгілері: 12 жаста, бойы – 140 см, арық денелі, шашы – қара.

Киімі: капюшоны бар қара көк күрте, көк түсті шалбар (мектеп), қара түсті етік, көк түсті бас киім.

«Егер көрсетілген фотосуреттегі жасөспірімнің орналасқан жерін білген адам болса, 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз!», – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.