Әлем
Ұлыбритания үкіметі Украинаға 14 «Challenger 2» танкісін беретінін растады. Бұл туралы «Украинская правда» мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Корольдік бұған қоса 30-ға жуық өздігінен жүретін 155 мм калибрлі «AS90» артиллериялық қондырғысын (САУ) жөнелтетіндерін де мәлімдеді.
Ұлыбританияның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі шенеуніктері Ресейдің ұнжырғасын түсіріп, моральдық рухының басылып қалуына себеп болатын мұндай жағдайлар енді жиілей береді. Сондықтан Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак одақтастарын биылғы соғыста барынша тиімді жетістікке жету үшін Украинаны қолдау жөнінде бұрын жоспарланып қойылған шаралары уақытында және кең ауқымда жүгізуге шақырды.
«Украинаға «Challenger 2» танктерін жөнелту - Ұлыбритания тарапынан қолдау тактикасын өзгертудің басы. 14 танктен тұратын эскадрилья таяудағы апталарда елге жіберіледі. Сол сияқты өздігінен жүретін, бес көздеушілі үлкен зеңбіректер – AS90 қондырғылары соның артынан барады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.
Сондай-ақ Германия федералды үкіметі алдағы аптада Украинаға батыс танктерін жеткізу жөніндегі шешімнің қабылданғанын жария етуі мүмкін.
Украина сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба қазірдің өзінде бес мемлекеттің Украинаға батыстың «Leopard 2» танктерін жеткізіп беруге уәде етіп отырғанын, олардың тек Германияның шешімін күтіп жүргендерін хабарлады.