Bugin

Астанада сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

18 қаңтарда Астана қаласының маңайында парашютпен жоспарлы секіру бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау барысында мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz порталы қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған еді. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат еді» делінген хабарламада.

Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады.