Қоғам

Ереуілге шыққан жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады: Қойылған талап қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ереуілге шыққан «KKC-Sicim» ЖШС жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бүгін «KKC-Sicim» ЖШС жұмысшыларының ереуілге шыққанына үшінші күн болды.

16 қаңтарда кәсіпорынның мыңнан астам жұмысшысы бірінші рет ауысымына келмеді. Олар жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. 

18 қаңтарда олар тағы да жұмысқа шықпады. 

«Бізді жұмыстан шығаруы әбден мүмкін, бірақ тым болмағанда біздің орындарға келгендерге қалыпты жалақы төленуін қалаймыз», - деді ереуілге қатысушылардың бірі.

Бейсенбі күні бас директор Джузеппе Роделли Италиядан Ақсайға келеді.

KKS-Sicim - магистральдық мұнай және газ құбырларын салумен айналысатын итальяндық SICIM және қазақстандық "Қазкомсервис" бірлескен кәсіпорны, KPO консорциумының мердігері.