Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраинадағы Киев облысының Бровары қаласында тікұшақ апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tass.ru сайтына сілтеме жасап.
Киев облысының Бровары қаласында Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады.
18 қаңтар күні таңертең балабақша мен тұрғын үйдің арасына құлап, өрт шыққан. Апат салдарынан бортта болған Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский, оның бірінші орынбасары Евгений Енин және Ішкі істер министрлігінің хатшысы Юрий Лубкович қаза тапты.
Апат салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында үш бала бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61