Bugin

Тағы бір партия ресми тіркелгенін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Respublica партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл жөнінде жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Хожаназаров мәлім етті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айдарбек Хожаназаров сонымен қоса партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңісімен құттықтады.