Bugin

Соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыру керек – депутат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілісмен Аманжол Әлтай Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында мектептердегі соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 Себебі Қазақстанда 31 мамыр - ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

"31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бір қызығы, Білім министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сәйкес мектептерде соңғы қоңырау 31 мамырға белгіленген. Бұл қате шешім. Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырауды 1 маусымға немесе 30 мамырға ауыстыру керек. Бұл талқылауды қажет етпейтін әділ мәлімдеме", - деді Аманжол Әлтай.

Сонымен бірге ол Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтуге қатысты Үкіметке бірнеше ұсыныс білдірді.

Cондай-ақ ол 31 мамыр күні ұстаз - сабағын, дін өкілдері - уағызын, министрлер мен әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер мен жеке секторлар сол күнгі жиналысын, жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске еске алумен бастауын сұрады.