Bugin

Италияда оқып жүрген қазақстандық студент қыз қаза тапты - БАҚ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні кешке болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқанда, оны Меркато Сан-Северино қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған сұр түсті Peugeot 308 көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Оқиға Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди атындағы опера театрының жанында болды.

Твиттердегі итальяндық L'Occhio di Salerno басылымының жазуынша, көлікті басқарған 20 жастағы жігіт бірден тоқтап, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Қызыл Крест пен Humanitas ұйымының фельдшерлері қыздың өлімін ғана айта алды. Жас жігіт кейін алкогольдік сынақтан өтті, ол теріс нәтиже берді.

Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл аймақ дереу жабылып, Станислао Листа көшесі көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына жабылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.