Bugin
1 маусымда еліміздің оқушылары халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Еліміздің барлық мектебінде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Ал биылдан бастап 31 мамырда аяқталады. 1 маусымда халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесі атап өткізіледі», - деді Г. Кәрімова министрліктің түсініктемесінде.