Bugin

«Орысша интервью бермеймін»: Белгілі дзюдошы қыз тіл үшін де күресіп жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Орысша сөйлегім келмейді». Бұл пікірді дзюдодан әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Әбиба Әбужақынова спорт журналисі Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Орыс тілінде 50 пайыз сөйлей аламын. Бірақ орысша сөйлегім келмейді. Таза қазақша сөйлегім келеді. Себебі көп қыздар орысша сұхбат береді ғой. Екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлеседі ғой. Қазір ол сәнге айналған ба, білмеймін. Ал мен бірақ тек қазақша сөйлеймін. Орысша интервью бермеймін», - деді Әбиба Әбужақынова.

Сонымен қатар спортшы орысша сұраққа қазақша жауап беретінін айтты.

«Ұлттық құрамада осындай қыздар бар. Тек медаль үшін ғана емес, мемлекеттік тіл үшін де күресіп жүр», - деп жазды журналист Қаженов.