Әлем

«Берлин мен Парижге әскер кіргізіп, ешқашан шығармайық» – Соловьев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік журналист Владимир Соловьев Берлин мен Парижге әскер кіргізу керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

PARANOIA.KZ телеграм арнасында жарияланған бейнематериалда журналист кеңес үкіметін басқарған басшыларды да сынаған.

«Берлин мен Парижге әскер кіргізіп, ешқашан шығармайық... Ақымақтар! Біздің әскерді Шығыс Еуропадан шығарған Горбачев пен Ельцин – ақымақ. Филяндиядағы әскери базаны жапқан Хрущев – ақымақ!» -, деді Соловьев.

Еске салайық, Украинаға көмек беріп жатқан мемлекеттер әлі де қол ұшын созып жатыр. Соңғы деректер бойынша: Ұлыбритания 600 дана Brimstore зымыранын беретінін мәлімдесе, Швеция 50 дана СV90 бронды техникасын беретіні туралы хабар тарады.

 

Дереккөз: PARANOIA.KZ телеграм арнасы