Қоғам
Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды. Бұл – ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды.
Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді.