Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӨскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме беріп.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зират тонаумен айналысқан 25 жастағы жігіт ұсталды. Тексеру барысында ер адамның көлігінен темір қоршаулардың сынықтары табылды.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Ушановский зиратына жақын жерде «Хонда» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктен үш металл қоршау анықталып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары қолға алынды» делінген ақпаратта.
Алдын ала мәлімет бойынша қала тұрғынының зираттағы тағы сегіз ұрлыққа қатысы бар. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61